Жаңа шығарылымда: Олимпиаданың айналасындағы фейктер, жаңбыр суына салық салу ықтималдығы және шикі сүт пен шала піскен жұмыртқадан жұғатын құс тұмауы.
Бұл дайджесте «Жібек жолы» деген термин кімге тиесілі екенін, қатігез видеоойындардың балаларға төндіретін қаупі қандай екенін талдап, қазақстандықтарға қарсы кезекті алаяқтық схемасы туралы айтамыз.
ҚХР көшбасшысының Қазақстанмен өзара қарым-қатынас туралы тұжырымдарын талдау, Қырғызстаннан келген «бүлінген» ет туралы зомби фейкті теріске шығару, сонымен бірге Еуропа чемпионатының мінбері мен Париж көшелерінен жеткен жалған ақпаратты тексеру.
Дезинформация бюллетенінің жаңа санында: Қазақстанда ағза сату заңды ма; алаяқтар қандай жаңа схема ойлап тапты; жыныстық жолмен жұғатын ауруларды тек қана әйелдер таратады деген рас па және жер бетіндегі әр 200-інші ер адам Шыңғыс ханның тұқымы ма?
Бюллетеннің бұл санында: Георгий таспасы туралы миф пен шындық; Кеңес туын Рейхстагқа шын мәнінде тіккен кім; Қытай Қазақстанда зомби-фейк тарату үшін ЖИ-ді қалай қолданды; ойда-жоқта алаяқтық схемасына қатысудан аулақ болу үшін не істеу керек?
Бұл шығарылымда жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тарту жиілегені, алаяқтықтың жаңа схемалары, ЛГБТ өкілдеріне қатысты адасу және қазақстандықтардың үрейін ұшырған «Зорлық күні» туралы фейкке тоқталамыз.
Жаңа дайджест елде бұрын-соңды болмаған тасқыннан кейін кең тараған жалған ақпарат туралы айтамыз, балалар мен әйелдер құқығын қорғау туралы жаңа заңға қарсы манипуляцияны жоққа шығарамыз және жаңа алаяқтық схемаларын талдаймыз.
Бұл бюллетеньде «Крокус Сити Холл» концерт залындағы терактіден кейін тараған жалған ақпарат толқыны, кеңінен жарнамаланып жатқан плазмаферез, жер сілкінісін бұлтқа қарап болжау және ресейлік билікке жақын топтардың жаңа айла-тәсілі туралы айтамыз.